Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіреді

5 Тамыз 2020, 21:15
1407
Бөлісу:
Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік банк сарапшылары COVID-19 пандемиясының Орталық Азияда адам дамуының терең дағдарысына алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Коронавирус пандемиясы (COVID-19) халқының жартысы оқу оқитын балалар мен жастардан тұратын Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім саласына, адам капиталының дамуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ әрі жағымсыз сипатта ықпал етіп отыр. Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіруде.

Пандемияға дейін де Орталық Азиядағы білім беру саласы бірқатар қиындықпен бетпе-бет келген болатын. Атап айтқанда, білім кедейлігін жою, осал оқушыларға тең мүмкіндік жасау үшін инклюзивтілікті алға жылжыту секілді мәселелер болған. Орталық Азия елдерінің оқушылары Еуропадағы құрдастарынан орта есеппен бір жарым жылға артта қалған болатын.

Аймақта оқып жатқан жастардың көбі PISA Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық бағалау бағдарламасының нәтижесінде функционалдық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен, - делінген хабарламада.

COVID-19 пандемиясы оқыту проблемасын одан ары қиындата түсті. Себебі, мектептердің жабылуы ең осал санаттағыларға, оның ішінде алыс аудандардағы аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі барларға жағымсыз әсер етеді.

Баспасөз мәслихаты барысында Дүниежүзілік банктің өкілдері коронавирус пандемиясының салдарын жою бойынша жоспарларды әзірлеу кезінде білім беру саласына бірінші кезекте мән берілуі керектігін атап өтті.

Мемлекеттер білім саласына бөлінетін қаражатты сақтап, қашықтан оқытудың сапасын көтеруі, білімге ғана емес, біліктілік пен дағдыға баса маңыз бере отырып, білім беру бағдарламаларының жеңілдігін қамтамасыз етуі; мұғалімдерге оқытудан қалып қою мәселесін жою бойынша тиімді стратегияны, оқытудағы шығындардың орнын толтыру үшін бағалау мен қосымша құзіреттерді әзірлеп, ұсынуы керек.

Әрбір баланы оқытуға кететін шығынды мұғалімдердің түсінуіне қарай бағдарламадан қалып қою мәселесін жоюға бағытталған арнайы білім беру жоспарларын әзірлеу қажет. Әсіресе, мектептердің жабылуынан зардап шеккендерге маңыз берген абзал. Сонымен қатар, аймақтағы мемлекеттер оқушылардың, жастар мен мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуды қамтамасыз етіп, қазіргі дағдарыстың қажеттілігіне толығымен бейімделу үшін қашықтан оқытудың әртүрлі платформасында педагогтың оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізуіне көбірек мүмкіндік жасауы керек,- дейді сарапшылар.

Өзгелердің жаңалығы