Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

24 Қаңтар 2019, 17:06
3643
Бөлісу:
Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 25 қаңтар күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.

Таңертең және күндіз Қостанай облысында және Қостанай қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі. Күндіз көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде және Орал қаласында бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы