Бас жаңалықтар
Дәрігерлердің жалақысын көтермей, кадр тапшылығын жоя алмаймыз – министр
29 Мамыр 2020, 20:16 128

Дәрігерлердің жалақысын көтермей, кадр тапшылығын жоя алмаймыз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі бүгін өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Денсаулық сақтауды дамытудың бекітілген мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға дейін медицина қызметкерлерінің, атап айтқанда, дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру жоспарланған болатын. 2025 жылға қарай экономика бойынша орташа 2,5% арақатынасына жеткізу жоспарланған. Бірақ, Президент қазіргі жағдайға байланысты мұны 2023 жылы жүзеге асыруды тапсырды. Сәйкесінше, біздің тарапымыздан тиісті есептеулер жүргізілді. Бірақ, айта кету керек, бұл жоспарлы жұмыс өткен жылы басталып кеткен болатын. Ол кезде біз дәрігерлердің жалақысын 30%-ға көтерген едік,- деді ол. 
Министр биыл да еңбекақы төлеу қорын 30%-ға арттыру үшін қаражат бөлінгенін айтты.
Биыл қаңтар айынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен кейін біз Қазақстан Республикасы бюджетінен және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" қорынан еңбекақы төлеу қорын 30%-ға арттыру мақсатында қосымша қаражат бөлдік. Қажетті есеп-қисап жүргізілді, тиісінше, еңбекақы қорын жыл сайын 30%-ға арттыру қажет. Бұл шара қажетті деңгейге жетуге, яғни, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандартына жақындау үшін, дәрігерлердің орташа жалақысын 550 мың теңге деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер жалақысын Мемлекет басшысы айтқан деңгейге көтермесек, кадр тапшылығы мәселесінің шешімін табу қиынға соғады, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...