Дәрігер ЖРВИ салдарынан болатын коронавирустың жаңа толқыны қауіпті екенін айтты

5 Шілде 2020, 12:20
2422
Бөлісу:
Дәрігер ЖРВИ салдарынан болатын коронавирустың жаңа толқыны қауіпті екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Леонид Эйдельманның айтуынша, қараша-желтоқсан айларындағы респираторлық аурулардың өсуіне байланысты ЖРВИ-мен ауыратындарды COVID-19 науқастарынан ажырату қиынға соғады.

Қараша-желтоқсан айларында болуы мүмкін коронавирустың жаңа толқынына алдын ала дайындалу қажет, себебі ол симптомдары ұқсас жіті респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ) маусымдық жарқылы әсерінен асқынуы мүмкін. Бұл туралы WMA дүниежүзілік дәрігерлер кәсіподағының бұрынғы басшысы, профессор Леонид Эйдельман "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, қараша-желтоқсан айларында респираторлық аурулардың өсуі күтіліп отыр, осыған байланысты ЖРВИ-мен ауыратындарды COVID-19 науқастарынан ажырату қиынға соғады. Эйдельман бұл жағдайды "күрделі мәселе" деп атады.

Дәрігер қараша айында респираторлық аурулардың маусымдық өршуі - эпидемияның жаңа толқыны болатын кезде денсаулық сақтау жүйесін толығымен жұмылдыру қажет деп санайды. Сондай-ақ, ол аурудың күзгі толқыны инфекцияның жазғы өсуінен гөрі айтарлықтай болатынын айтты.

Эйдельман қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша 2020 жылдың көктемінде коронавирустың екінші толқынының таралуы туралы болжамның шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады деп санайды. Ол бұл жағдай 0азірдің өзінде Италия мен Германияда, сондай-ақ, COVID-19 инфекциясы анықталған пациенттердің өсу көрсеткіші жоғары Үндістанда да байқалып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Эйдельман қазіргі таңда бүкіл ел бойынша жаңа шектеулер енгізу дұрыс емес екенін жеткізді. Өйткені бұл экономикалық дағдарыстың шиеленісуіне алып келеді, бірақ коронавирус көп анықталған өңірлерде карантиндік шаралар енгізу қажет деп санайды ол.

Өзгелердің жаңалығы