Бас жаңалықтар
CTS: 28 наурыздан бастап қолданысқа енген тарифтер
29 Ақпан 2020, 09:10 94

CTS: 28 наурыздан бастап қолданысқа енген тарифтер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 28 наурызынан бастап қолданысқа енген тарифтер қандай болмақ.

18 жасқа дейінгі балаларға көлік картасымен - 0 теңге (тегін).

Көлік картасы болмаған жағдайда, қолма- қол төлем арқылы - 90 теңге.

rtcnt.jpg

 Тегін ауысып отыру жоқ.

 18 жасқа дейінгі балаларға ақысыз жол жүру, Нұр Сұлтан қаласында және елорданың маңында тұратын, көлік картасы бар жағдайда ғана ұсынылады.

Көлік картасын CTS орталық кассасынан алуға болады. Мекен-жайы: Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Кассаның жұмыс уақыты:

Шектеусіз сапарлары бар тарифтер:

• "Айлық жол жүру. Қала" - 7500 теңге;

• "Айлық жол жүру. Қала + қала маңы" - 9500 теңге;

• "Айлық жол жүру. Қала + экспресс" - 10 000 теңге;

• "Айлық жол жүру. Қала + экспресс + қала маңы" - 13 500 теңге.

• "3 айлық жол жүру. Қала" - 20000 теңге;

• 1 күндік жол жүру- 500 теңге (тек қалалық бағдарларда);

• 1500 теңгеге 3 күндік жол жүру (тек қалалық бағдарларда);

• 2 000 теңгеге 5 күндік жол жүру (тек қалалық бағдарларда);

 4000 теңгеге 15 күндік жол жүру (тек қалалық бағдарларда).

Айлық жол жүру күнтізбелік айға жарамды (айдың 1-нен 30/31-не дейін);

1, 3, 5, 15 күндік жол жүру тарифтері алғашқы валидация жасау сәтінен бастап әрекет етеді.

60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру мүмкіндігі бар сапарлар жиынтығы:

• "15 + 15" (алғашқы белсендіру сәтінен бастап 60 минут ішінде 15 сапар +15 ауысып отыру) - 2 000 теңге;

• "30 + 30" (алғашқы белсендіру сәтінен бастап 60 минут ішінде 30 сапар +30 ауысып отыру - 4 000 теңге.

"15 + 15" және "30 + 30" тарифтері алғашқы валидация жасау сәтінен бастап әрекет етеді.

Осылайша, келесі тарифтік жоспарлар алынып тасталады: Балалар айлық жол жүру "Қала" және "Қала + қала маңы".

Бірінші валидация жасағаннан бастап 60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру түріндегі бонус тек "15 сапар" (2000 теңге) және "30 сапар" (4000 теңге) тарифтері бойынша сақталады.

Жаңа тарифтік жоспарларды құру кезінде отбасы бюджетіне назар аударылды. Мектеп оқушылары мен зейнеткерлер үшін ақысыз жол жүру қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу сияқты шығындарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін түсінеміз. Ересектер үшін айлық жол жүру тарифін сатып алу қол жетімді болуы ескерілді, оның құны өзгермеген, бұрынғыдай 7500 теңге деңгейінде қалады.

Іс жүзінде тарифтік жоспарлар бүкіл отбасы үшін жол жүру ақысы мәселесін салыстырмалы түрде жеңілірек шешуге болатындай етіп құрылды: зейнеткерлер мен балалар қоғамдық көлікті ақысыз пайдаланады, ал ересектер айлық жол жүру тарифын сатып алып, оны шектеусіз пайдалана алады.

Жаңа тарифтерді толтырудың барлық тәсілдері 28 наурызда қол жетімді болады.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...