Бас жаңалықтар
COVID-19. Түркияда бір күнде 300-ге жуық адам қайтыс болды
02 Қыркүйек 2021, 21:02 2934

COVID-19. Түркияда бір күнде 300-ге жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия елі  коронавирустық инфекциядан болатын өлім санын төмендете алмай отыр. Бір күнде Covid-19-дың асқынып кетуінен  290 адам қайтыс болды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Бұл cоңғы төрт айда орын алған  рекордтық көрсеткіш. 30 сәуірде 394 өлім жағдайы тіркелді. Өткен күндері коронавирусты жұқтырудың тағы 23 946 жаңа жағдайы анықталды. Сондықтан ел билігі карантиндік шараларды қатаңдату туралы мәлімдеді – вакцинацияланбаған барлық азаматтар кинотеатрларға, тамақтану орындарына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыратын болады.

Оңтүстік Корея ең ірі американдық фармацевтика концернінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасын алды. Moderna препаратының 1,02 млн дозасы, Румыниядан сатып алынған Pfizer вакцинасының 526,5 мың дозасы бүгін Сеулге жеткізілді. Аптаның соңына дейін ел тағы 4,98 миллион доза вакцина алуы керек. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея үкіметі Covid-19 вакциналарының 193,4 миллион дозасын, соның ішінде AstraZeneca, Moderna, Janssen және Novavax вакциналарын жеткізуге келісім жасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...