COVID-19: Қытайда мұрынға себетін спрей түріндегі вакцина сыналып жатыр

6 Маусым 2021, 18:26
2294
Бөлісу:
COVID-19: Қытайда мұрынға себетін спрей түріндегі вакцина сыналып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда мұрынға арналған спрей түріндегі COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынағының екінші кезеңі өтіп жатыр. 

Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Аэрозольді вакцинаның дозасы инъекция арқылы енгізілетін препаратқа қарағанда 5 есе аз. Қытай ғалымдары бұл препаратты төтенше жағдайларда қолдануға өтініш берді, - деп жазды ол.

Елшінің айтуынша, назальды вакцина тек коронавирустан ғана қорғап қалмай, ауыз қуысының шырышты қабатында да иммунитет қалыптастырады.

Мұрынға себілген вакцина вирустың табиғи жолмен ағзаға түсуін қайталайды. Яғни тыныс жолдары және шырышты қабат арқылы түсіп, иммундық жүйенің реакциясын туындатады. Ол мұрында және тамақта жүйелі иммунитетті де, жергілікті иммунитетті де қалыптастырады. Сөйтіп бірден вируспен күресуге кіріседі. Бұл назальды вакцинаның артықшылығы осында. Басқаша айтқанда, вакцина арқылы тек коронавирусқа қарсы жасушалық иммунитет пен антиденелер ғана қалыптаспайды. Сондай-ақ бұл препараттың арқасында ауыз қуысының шырышты қабаты да қорғалады. Бұл ретте бұндай ингаляция ыңғайлы болғанымен қоймай, мүлдем ауырсыну сезімін де туындатпайды, - деп түсіндірді Чжан Сяо.

Өзгелердің жаңалығы