COVID-19: Қанша антиваксер пікірін өзгертіп, вакцина салдыртқаны белгілі болды

11 Қазан 2021, 11:30
7229
Бөлісу:
COVID-19: Қанша антиваксер пікірін өзгертіп, вакцина салдыртқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі вакцинациядан бас тарту проблемасы әлі де өзекті болып отырған көрінеді.

Сондай-ақ республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған профилактикалық екпемен қамтамасыз ету деңгейін ұстап тұру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың оңтайлы деңгейіне жетпегеніміз байқалды. Қамту деңгейіне қол жеткізе алмау коронавирус инфекциясы бойынша пандемияға байланысты 2020 жылғы наурыз және мамыр айындағы төтенше жағдай режимінің енгізілуімен байланысты. Биыл аймақтарда жоспарлық мөлшерді иммундауды қамту, сондай-ақ былтыр вакцина ала алмай қалған адамдарды вакцинациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Алексей Цой.

Сонымен қатар ведомство басшысы індетке қарсы вакцина алудан бас тарту проблемасы әлі де өзекті екендігін алға тартты.

2013 жылдан бастап тиісті вакцинациялау бойынша профилактикалық екпе алудан 24 976 адам бас тартқан. Олардың 58%-ы – жеке нанымдары бойынша, 23,2%-ы – вакцинаға сенбеулері себептен, 6%-ы – БАҚ-тағы теріс ақпараттар салдарынан екпе алмаған. Биыл бірінші жартыжылдықта вакцинадан бас тартқан 3 417 жағдай тіркелді. Біз тұрақты негізде вакцинаға қарсы адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Биыл 197 адам вакцинация туралы пікірлерін өзгертіп, екпе салдыртты, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін салалық ведомство басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы