COVID-19. Көп әкім әлі де жағдайды тұрақтандыра алмады – Сайыров

29 Шілде 2020, 18:23
1369
Бөлісу:
COVID-19. Көп әкім әлі де жағдайды тұрақтандыра алмады – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантинді тағы екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады,деді саясаттанушы Ерлан Сайыров. 

Бұл дұрыс шешім. Бізге қатаң тәртіп пен рух керек. Сол кезде ғана бұл вирусты еңсере аламыз. Әлі де босаңсымау керек. Жағдай әлі де тұрақты күрделі қалпында сақталып отыр. Әсіресе, коронавирус өңірлерде "сайран салып" жүр, - деді Сайыров.

Ол атағандай, көп әкім әлі де жағдайды тұрақтандыра алмады.

Сондықтан қазір жағдайға қатысты салқынқанды шешім қабылдануына мұқтажбыз. Біз өте сақ болуымыз керек. Санитарлық талаптарды сақтау да аса маңызды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы