COVID-19: Оқшауланғандар қатарына Ауыл шаруашылығы министрі де енді

15 Маусым 2020, 18:34
1513
Бөлісу:
COVID-19: Оқшауланғандар қатарына Ауыл шаруашылығы министрі де енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров байланыста болған соң коронавирусқа тест тапсырды. Оның нәтижесі теріс, деп хабарлады АШМ басшысының баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан.

Алайда, коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеу хаттамасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы белгілі бір уақыттан кейін қайтадан сынама тапсырады. Ал әзірге қауіпсіздік мақсатында өзін-өзі оқшаулауда болады. Сапархан Омаров кесте бойынша, бейнеконференция арқылы жұмыс істеуді жалғастырады, - деді ол. 

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған.

Өзгелердің жаңалығы