Бюджетті тиімсіз пайдалану төрт есе төмендеген

20 Маусым 2019, 12:01
2414
Бөлісу:
Бюджетті тиімсіз пайдалану төрт есе төмендеген
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысына Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ҚР Үкіметінің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнінде есеп берді.

«Биыл бюджеттің жалпыұлттық мақсаттарға аумақтарды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар деңгейінде қаншалықты жауап беретінін қарадық. 2018 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы өткен жылғы Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, Үкімет жүргізген бюджет процесін айтарлықтай қайта құру аясында өтті. Есеп комитетінің Үкіметке және мемлекеттік органдарға берген ұсыныстарының саны бойынша, бюджеттің атқарылуын қараудың алдыңғы қорытындылары бойынша орындау сатысы 72 пайызды көрсетті. Бұл бюджеттің орындалу жағдайының жақсаруына ықпал етті. Бюджет түзетулері екі есе аз болды. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 4 есе төмендеді. Оң динамика тіркелді, сол себепті бұл жұмыс жалғасады деген ойдамыз», - деп айтты Годунова екі палатаның бірлесен отырысында.

Бюджетті тиімсіз пайдалану төрт есе төмендеген

Былтыр бюджет шығындарының жартысы әлеуметтік салаларға бөлінгені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Халықтың әлеуметтік топтарына 4 мыңға жуық пәтер берілген. Өткен жылы, сондай-ақ 551 жаңа балабақша мен 62 мектеп пайдалануға берілді. 2018 жылы бюджет кірістері 9 трлн теңгеге жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы