Бас жаңалықтар
Былтыр бюджетке 5,8 трлн теңге түсті – Смайылов
05 Маусым 2019, 10:45 544

Былтыр бюджетке 5,8 трлн теңге түсті – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы республикалық бюджет шығысы 99,8% орындалды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Үкіметінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Айтуынша, былтыр бюджетке 5,8 трлн теңге түскен. 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы түскен салық 17,5% ұлғайған.

«Кірістер 2,3% артығымен орындалды. Бюджетке 5,8 трлн теңге түсті. Салықтар 2017 жылмен салыстырғанда, 17,5% өсіп, 846 млрд теңге көлемінде бюджетке қосымша жиналды. Шығыстар 99,8% орындалып, 9,6 трлн теңгеге атқарылды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44% болып қалыптасты», - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Мәжілістің жалпы отырысында. 

Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, бюджет тапшылығы 729 млрд теңгені құрады. Ол жоспардан 17,5% төмен және жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,2%. 

«Салық-кеден саласындағы әкімшілендіруді әрі қарай цифрландыру салықтық түсімдердің көлемін ұлғайтуда басты рөл атқарды. Цифрландырудағы басты мақсат – тауарлардың қозғалыс цикліне тікелей мониторинг жасау, яғни импорттан бастап, олардың тұтынушыларға сатылуына дейінгі процесті қамту», - деді қаржы министрі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...