Бас жаңалықтар
Бұл үлкен өзгеріс деуге болады - саяси сарапшы
10 Қаңтар 2021, 23:00 796

Бұл үлкен өзгеріс деуге болады - саяси сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлау учаскесінде дауыс берген жастар көп болды. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше ғана ауа райы шамамен -40 градус суық болған. Бүгін күн жылынып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ және осындай аязды күні осыншама халық сайлауға қатысады деп ойлаған жоқпын, - дейді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов. 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары сақталып, сайлау жақсы ұйымдастырылған. 

Сондай-ақ, дауыс беріп жатқан жастарды көп байқадым. Сайлауалды науқанда дебат өтті. Оның қандай деңгейде өткенін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ең бастысы – оған әртүрлі сарапшылар қатысты. Дебатқа қатысу – қатыспау құқықтарын да пайдаланды. Бұл үлкен өзгеріс деуге болады, - дейді ол.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...