Бас жаңалықтар
Бұл талап тек шетелдіктерге қатысты – мемкомиссия ПТР-анықтама туралы
27 Қазан 2020, 16:08 128

Бұл талап тек шетелдіктерге қатысты – мемкомиссия ПТР-анықтама туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі әуе рейстеріне отырғызу кезіндегі ПТР-анықтамасы бойынша ВАК шешімін жариялады.

ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда ҚР-ға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады, - делінген хабарламада.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.


Фото: дереккөз
Загрузка...