Будапешттен келетін студенттерге ешқандай шектеу жоқ – Есмағамбетова

4 Шілде 2020, 11:58
1062
Бөлісу:
Будапешттен келетін студенттерге ешқандай шектеу жоқ  – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Будапешт қаласынан келетін студенттердің келуіне ешқандай шектеу қойылмайды. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда айтты. 

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 42 қаулысына сәйкес, елдердің санаттары мен халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шаралары 3 санатқа бөлінген. Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан, Грузия, Малайзия, Таиланд, Чехия, Германия бірінші санатқа кіреді. Бұл елден келетін жолаушылардан сауалнама мен термометрия жүргізіледі, - деді ол. 
Сондай-ақ, екінші санаттағы елдер бойынша да сауалнама мен термометрия жүргізіледі. 
Ал үшінші санаттағы елдерден тұрақты емес эвакуациялық, чартер рейстерімен келген жолаушыларға сауалнама мен термометрия жүргізіледі. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақытта ПТР нәтижесі теріс болса, шектеусіз өтеді. Анықтама болмаған жағдайда 48 сағат ішінде ПТР сынамасын тапсыруы керек немесе 14 күндік үй карантиніне жатқызылады. Үшінші санатқа бірінші және екінші санаттағы елдерге кірмейтін елдер жатады, - деді ол. 
Ол атап өткендей, Мажарстаннан келетін студенттерге ешқандай шектеу қойылмайды. 
Будапешт-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейс шілденің 5 күні сағат 21:35-те келетіні жоспарланып отыр. Біздің тараптан Будапешт қаласынан оралатын студенттердің келуіне ешқандай шектеу қойылмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы