ҰБТ-дан 49 түлек шығарылды – ШҚО

27 Маусым 2020, 02:28
1310
Бөлісу:
ҰБТ-дан 49 түлек шығарылды – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 21-нен 30-на дейінгі аралықта өтеді. Алты күн ішінде ШҚО-да ҰБТ-дан 49 түлек шығарылды, деп хабарлайды Altaynews.

ШҚО-да тест тапсыруға арналған 102 аудиториялы 15 пункт бар. Барлығы ұялы байланысты бұғаттайтын құрылғылармен және бейнекамералармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда жедел жәрдем көмегі, құқық қорғау органдарының және өрт сөндіру қызметкерлері кезекшілік жүргізуде. Тест тапсырушылар дезинфекцияның 5 сатысынан өткізіледі.

Облыста ҰБТ-ның алғашқы кезеңіне 4148 түлек қатысып отыр. Алайда тестілеуге қатысуға 4317 түлек өтінім берген. 169-ы әр түрлі жағдайларға байланысты қатыса алмаған.

Бұлардың ішінде ереже бұзған 49 адам ҰБТ-дан шығарылды: 40 түлек аудиториядан шығарылса, 9-ы мүлде тестілеуге кіргізілмеген.

Өзгелердің жаңалығы