ҰБТ-2020: Бүгін 54 түлек аудиториядан шығарылды

26 Маусым 2020, 22:05
1503
Бөлісу:
ҰБТ-2020: Бүгін 54 түлек аудиториядан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін тестілеу еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаласындағы 80 ҰБТ өткізу пунктінде өтті.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуге жалпы саны 14 768 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 11 223, орыс тілінде – 3 535 адам ҰБТ тапсырды.

5 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 54 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қалыпты режимде өтті.
Өзгелердің жаңалығы