Бас жаңалықтар
Британия тұрғыны қызы үшін суррогат ана атанған
29 Наурыз 2019, 12:00 531

Британия тұрғыны қызы үшін суррогат ана атанған

Алматы, BAQ.KZ. Британия тұрғыны қызына көмектесу үшін суррогат ана атанған. 55 жастағы Эмма Майлз қызына бала тауып беріп, үлкен сыйлық жасады, деп жазды Sun басылымы.

31 жастағы Трейси Смит жатырсыз дүниеге келгендіктен бала таба алмаған. Оның үстіне күйеуі Адаммен толыққанды отбасы құруды армандаған.

«16 жасымда менде Майер-Рокитанск-Кюстер-Хаузер синдромы бар екенін анықталды. Мен үшін жасаған жақсылығы үшін анама ризашылығымды қалай білдірерімді де білмеймін», - дейді Трейси.

Ол тағдырына көніп, сыннан абыройлы өтуге бел буған. Алайда анасы қолұшын беріп, қызы үшін баласын көтеруге дайын екенін білдірген.

2018 жылдың мамырында әйелге эмбрионды импланттаған. Ол 2019 жылдың 16 қаңтарында босану қажет болған. Алайда кесарь тілігін жасауға тура келген.

«Мен демімді тартып, оның жылаған сәтін күттім, кейін жылап жібердім», - дейді баланың әкесі.

Жас ата-ана айналасындағылар оларды мүсіркеп, қабылдаған шешімдерін дұрыс түсінбейтін шығар деп ойлаған, дегенмен көпшіліктен жағымды комментари алған.

Фото: дереккөз
Загрузка...