Бразилияда иттерге қожайынынан моральдық өтемақы алу құқығы берілді

18 Қыркүйек 2021, 13:15
1460
Бөлісу:
Бразилияда иттерге қожайынынан моральдық өтемақы алу құқығы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда сот ит қожайынынан моральдық өтемақы өндіріп алу құқығы берілді. Қожайынынан зардап шеккен екі ит 450$ көлемінде моральдық зиянның орнын толтыруға үмітті деп жазады Lenta.ru.

Бразилия соты иттердің құқығын қорғап, осындай үкім шығарған. Сот Парана штатында өткен көрінеді. Спайк және Рэмбо деген лақап аттары бар ретривер мен пойнтер «қызығушылық танытқан тарап» мәртебесін иеленген. Сол себепті жануарлар екі мың реал (450 долларға жуық) көлемінде моральдық өтемақы алуға үміткер болып отыр. Адвокат Эвелин Палудудың айтуынша, соттың шешімі – құқыққа постгуманистік көзқарас болып табылады.

Соттағы қаралып жатқан іс 2020 жылғы тамыз айында орын алған оқиғамен байланысты. Полицияға ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған екі ит туралы дерек келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органының қызметкерлері оларды аш әрі қиналған күйінде табады. Бұл кезде олардың қожайыны демалысқа кеткені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы