Бас жаңалықтар

Браконьерлер орман шаруашылығы инспекторын өлтірді

Астана, baq.kz. Қарағанды облысында браконьерлерді анықтау рейді қайғылы оқиғамен аяқталды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында қайғылы оқиға туралы мәлімдеді.

"2019 жылдың 13 қаңтарында сағат 18.00 шамасында РМҚК Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында 5 атылған сайғақтың денесі табылған. Із кесу барысында инспекторлар тіркелмеген нөмірлі Тоyota Land Cruiser маркалы екі автокөлігін тауып алып, оның біреуін тоқтатқан", – деп жазады Сәкен Диілдахмет.

Автокөлік жолаушылары өздерін агрессивті ұстап, қарсылық танытқан.

"Нәтижесінде инспекторлардың бірі жарақат алып, жағы сынған. Екінші инспектор болса басүйек-ми зақымымен комаға түскен. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады", - дейді баспасөз хатшысы. 

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел жасағы барды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларды тану мен оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Сізден жаңалық