Бақауов халықпен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатпақ

15 Ақпан 2019, 16:45
2300
Бөлісу:
Бақауов халықпен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатпақ

Павлодар, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халыққа әлеуметтік желілер арқылы жақын болмақ. Бұл туралы аймақ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Айта кетейік, өңір басшысы екі күн бұрын инстаграмм әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашқан.

«Бүгінде парақшама жазылған азаматтардың саны 7 мыңнан асым жығылады. Әр оқырман мазалаған мәселесін жазып, жеке хат жолдайды. Осыған байланысты барлық деңгейдегі әкімдерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашуды тапсырамын. Себебі, біз халықты алаңдатқан мәселелерге қатысты тез арада әрекет етіп, шұғыл шара қолдануымыз керек», - дейді Болат Бақауов.

Айта кетейік, облыс әкімінің былтырғы дәстүрлі есептік кездесуі барысында тұрғындар тарапынан 46 өтініш түскен. Олардың 25-сі тез арада шешілген. 21-і бақылауға алынып, шешімін табуда.

«Өз басым жаңалықтар топтамаларын қарап отырамын. Тұрғындардың өтініштерін өзім қарап, бақылауға аламын. маған түскен бірде бір сұрақ назардан тыс қалмайды. Бүгінде әлеуметтік желілердің рөлі артып отыр. Бұл - біз үшін халықпан кері байланыс орнатудың құралы», - дейді Болат Бақауов.

Өткен айда аймақтағы әкімдер 518 есептік кездесу өткізген. Шараларға 32 мыңнан астам азамат қатысып, 1066 ұсыныс-шағым түсірген.

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Өзгелердің жаңалығы