"Болашақ" бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді

20 Ақпан 2020, 19:23
1719
Бөлісу:
"Болашақ" бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ "Болашақ" бағдарламасы бойынша Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесін шешті. 

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Боранбаев
мәлімдеді. ҚР БҒМ өкілі өткен аптада студенттерге көмек көрсету үшін тиісті бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 

Коронавирусқа байланысты елде жүрген "Болашақ" халықаралық бағдарламасының студенттеріне оқу елінің бекітілген нормативі бойынша жүріп-тұруға және тамақтануға арналған ай сайынғы сома төлене береді.

Шешім қабылданғаннан кейін Еркебұлан Боранбаев елдегі Қытайда білім алып жатқан халықаралық "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарымен кездесулер өткізіп, ережелердің білім алушылардың пайдасына қарай өзгергендігін түсіндірді.

Шынымен де, қазір коронавирус қаупінен Қытайдан Қазақстанға келген жеті студент бар. Біз олармен тұрақты байланыстамыз, бірнеше кездесу өткіздік және министрдің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіндігін түсіндірдік. ЖОО-дан оқу процесін бастау немесе жалғастыру туралы ресми хабарлама алғаннан кейін оқу еліне қайтатын авиабилеттерді сатып алу жоспарлануда. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда стипендия толық көлемде төленеді деген шешім бір апта бұрын қабылданды, - деді Еркебұлан Боранбаев.

Дүлей апаттар, әскери әрекеттер, шектемелер, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып
табылатындығын айта кеткен жөн.


Өзгелердің жаңалығы