Бас жаңалықтар
Бөкейхан мен Лениннің ұстанымы қай жерде екіге бөлінді?
05 Наурыз 2021, 16:37 1305

Бөкейхан мен Лениннің ұстанымы қай жерде екіге бөлінді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелді ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған жиында Большевизм мен Алаш орданың пікірі қай тұста екіге бөлінгенін айтты.

Тарихшы елімізде алаш орда жайлы көп айтылады, алайда олардың Большевиктермен қай жолда келісе алмай қалғаны ұмыт қалатынын жеткізді. Тіптен, мектеп, университетте оқытқанда да осыған көңіл аударылмайтын көрінеді.

Егер ұлттың саяси элитасы болса – оның бағы зор. Ал ұлттың бастаушы элитасы болмаса оның соры мол. Ондай халықты ешкім құтқара алмайды. Осы тұрғыдан алғанда біздің зиялыларымыз қандай дәрежеде болды деген сауал туады. Бөкейханов пен Лениннің ұстанымы қай жерде екігі айырылды? Біз осыған көңіл аударуымыз керек. Алаш орда тап күресінің, пролетариат диктатурасының қажеті жоқ деді,-дейді М. Қойгелді. 

Оның айтуынша, алашордалықтар тап күресін емес, жалпы қазақ халқының ұлт-азаттығын көздеген.

Бөкейханов: «Бізге ұлттық еркіндік, азаттық керек.Ұлттық құндылықты сақтамасақ, жерімізді ұстап тұра алмаймыз, мәдениетімізді, тілімізді сақтай алмаймыз. Сондықтан бізге тап күресінің мүлдем керегі жоқ. Ол бізге зиян, тап күресі деген ұлтты бөлу» деді. Олар тап күресі қазақты шаруаға, байға, буржуазияға, федальға бөлу екенін жақсы білді. Сондықтан олар онымен келіспеді, бөлінсек мемлекеттікке жете алмаймыз деді. Олар белгілі бір топты, тапты емес жалпы қазақ халқын орыс билігінен азат етуді мақсат етті,-дейді профессор.

Фото: автордан
Загрузка...