Бизнеске келтірілген шығын: Маңғыстау және Павлодар облыстары тізімнен шығарылды

14 Қаңтар 2022, 10:05
1333
Бөлісу:
Бизнеске келтірілген шығын: Маңғыстау және Павлодар облыстары тізімнен шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді қабылдап жатыр. Сонымен қатар фактілердің растығын тексеруді бастады. Бұл туралы “Атамекен” ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 9 өңірінде 2065 объектіде орналасқан 1763 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматыда 1904 объектіде орналасқан 1618 субъект бар. Бұған дейін зардап шеккен өңірлер арасында Павлодар және Маңғыстау облыстарының объектілері болған. Алайда бұл фактілер расталмады және кәсіпкерлер зардап шеккен бизнестің тізілімінен шықты, - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бизнеске келтірілген зиянның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес, ел бойынша 94,4 млрд теңгеден асты, оның ішінде Алматыда 92,4 млрд теңге.

Зардап шеккен бизнес субъектілерінің салалары: сауда – 1602; қоғамдық тамақтандыру – 52; қаржы секторы – 77; логистика – 27; БАҚ – 5.

Байланыс орталығына барлығы 7053 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2198, форс-мажор – 370, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 23, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 589, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2179. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәліктер бойынша 591 қоңырау және 152 өтініш түсті.

Еске салайық, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған «Күшіміз бірлікте» қорынан көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

«БанкЦентрКредит» АҚ:
алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ268562203115072353
«БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.
 
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:
алушы: «Күшіміз бірлікте»  қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ52551Z128000206KZT
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA

Өзгелердің жаңалығы