Армиямыз әуеде, жерде және теңізде жаһандық бәсекеге қабілетті қуатты күшке айналды – Әшімбаев

7 Мамыр 2021, 10:30
1247
Бөлісу:
Армиямыз әуеде, жерде және теңізде жаһандық бәсекеге қабілетті қуатты күшке айналды – Әшімбаев

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук әлеуметтік желісінде Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – айбынды армиямыздың даңқын асыратын және жауынгерлік рухты дәріптейтін айрықша мереке. Біз егемен еліміздің Қарулы Күштерін құру арқылы Тәуелсіздігіміздің берік қалқанын, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас негізін қалыптастырдық.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз жеріміздің тұтастығы мен еліміздің тыныштығын қас қақпай күзетіп тұр. Отан қорғау жолында сап түзеген сарбаздарымыз батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып келеді. Шын мәнінде, біздің армиямыз әуеде, жерде және теңізде жаһандық бәсекеге қабілетті қуатты күшке айналды. Індетпен күрес кезінде де әскеріміз антқа адалдықтың озық үлгісін көрсете білді. Алдағы уақытта да Қарулы Күштеріміздің әлеуеті артып, қорғанысымыз күшейе берсін.

Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, азаматтарымызға амандық тілеймін. Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!



 

Өзгелердің жаңалығы