Бас жаңалықтар
#BizBirgemiz. Пекиндік студенттер қазақстандықтарға қолдау білдірді
VIDEO
05 Сәуiр 2020, 17:05 158

#BizBirgemiz. Пекиндік студенттер қазақстандықтарға қолдау білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пекин шет тілдер университетінде қазақ тілін оқитын студенттері COVID-19 індетімен күресіп жатқан Қазақстан халқына қолдау білдірді.

Біз бір-бірімізге қол ұшын беріп, көмектесуіміз керек. Қазақстанмен біргеміз! Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын, - деді студенттер. 

Пекиндік студенттер  өз видеоларында қазақ тілінде Қазақстан халқымен бірге екендерін айтып, мықты денсаулық тіледі.


Қолды жиі жуып, гигиенаға мән беріңіздер. Біз сіздермен біргеміз. Осы індетке қарсы соғыста жеңіске жетеміз. Зор денсаулық тілейміз. Берік болыңыздар. Әрдайым қазақстандықтармен біргеміз. Бәрі өтеді, бәрі жақсы болады, - деді олар.

Бұған дейін де Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттер мен олардың оқытушылары қазақстандықтарды пандемиямен күресте қолдау мақсатында видео жолдаған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...