Бас жаңалықтар
Фараби-1150: әл-Фарабиді насихаттау арқылы әлемге таныламыз – Әбсаттар Дербісәлі
PHOTO
29 Қаңтар 2020, 15:34 149

Фараби-1150: әл-Фарабиді насихаттау арқылы әлемге таныламыз – Әбсаттар Дербісәлі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз әл-Фарабиді, Абайды насихаттау арқылы Қазақстанды насихаттаймыз. Қазақ елін танытамыз. Бұл туралы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар Дербісәлі әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылуында айтты.

Шығыстанушы, Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде туған үлкен тұлға екенін айтады.
1970 жылдары Мәскеуде аспирантурада оқып жүргенде және 1975 жылы Алматы қаласында әл-Фарабидің 1100 жылдық конференциясына қатысып едім. Ол бөлек кез. Қазір содан бері 50 жылдай уақыт өтті, Қазақстан тәуелсіз ел болды. әл-Фараби бабамыз өзінің тарихи отанына оралып, оның атында көшелер ашылып, ескерткіштер бой көтеріп жатыр. Сондай-ақ бас университетімізге оның аты берілді, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол әл-Фараби әлемдік тұлға екенін, оны бүкіл әлем білетінін жеткізді.
әл-Фараби бізге не үшін керек? Оны не үшін насихаттаймыз? Қазіргі жастарымыз бен келешек ұрпақ үшін керек. Ол 200 жуық шығарма жазған адам. Соның 100-ге жуығы біздің заманға жетіп отыр. Он шақтысы Алматыда қазақ, орыс тілдерінде шықты. Ол жайында докторлық дисертациялар қорғалып жатыр, - деді Ә.Дербісәлі.
аль.jpg

Сөз арасында ол Елбасы Сириядағы әл-Фараби басына барғанын және сол сапарда Сирия үкіметімен ұлы ойшылдың басына кесене тұрғызуға уағдаласқанын айтып берді.
Мен 2006 жылы Сирияда әл-Фарабидің басында болдым. Кейін 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен бардым. Сол кезде Сирия үкіметі әл-Фарабидің басына кесене тұрғызуға келісім жасап еді. әл-Фараби ғылымның барлық саласымен айналысқан. Онда математика, химия, әдебиет, тарих, саясат және медицина да бар. Сондықтан біз әл-Фараби бабамызды насихаттау арқылы елімізді әлемге танытамыз, - деді ол.
Бұған дейін Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінде әл-Фараби орталығы ашылғанын хабарлағанбыз.

Фото: автордан
Загрузка...