Фараби-1150: Алматыда орталық ашылды

29 Қаңтар 2020, 10:40
3959
Бөлісу:
Фараби-1150: Алматыда орталық ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ойшылдың орталығы ашылды. 

fdf43588-2cf1-4c80-a632-2c61d1126f8b.jpg

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми орталықтар мен Ғылыми зерттеу институтының жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысып жатыр.

604f4ee6-9cd9-4731-8759-97aaac06c6fb.jpg

Жиын барысында қонақтарға әл-Фараби Орталығы таныстырылды, онда ғұлама ойшылға арналған мұражай экспозияциялары қойылған. Сондай-ақ, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдардан көрме ұйымдастырылған. 

b5464017-82c9-4c87-bef1-ad9b349b28ce.jpg

Қонақтар Қазақстанның Тұңғыш президентіне, Абай және Алаш қозғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын аралап жүр.

4887d556-23e4-4dc3-9e58-03ec0551e12b.jpg

Өзгелердің жаңалығы