Бас жаңалықтар
Біз қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп сендік – Назарбаев
18 Ақпан 2020, 14:48 1138

Біз қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп сендік – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің Іnstagram парақшасында қазақ тарихына байланысты Елбасының пікірі жарияланды. 

Менің замандастарым, одан кейінгі ұрпақ қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп есептедік. Біз үшін қазақтың басқа тарихы болмағандай еді. Алайда қазір оны терең зерттеуіміз қажет. Біздің ата-бабамыз – ғұндар, одан жақындау келсек – Ұлы Түрік қағанаты. Біздің жеріміз әрқашан сол мемлекеттердің орталығы болған. Сондай-ақ, Алтын Орда мемлекеті бар. Осының барлығын қорытындыласақ біздің тарихымыз екі мың жылға жалғасады. Алуан түрлі заманды бастан өткере отырып, біз өз тілімізді, дінімізді және өзіндік ерекшелігімізді сақтай алдық. Біз жастарымызды осы рухта тәрбиелеуіміз керек, - деп жазды Елбасы


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...