Биылғы маусым ерекше болды – вице-министр

8 Қыркүйек 2020, 16:50
1766
Бөлісу:
Биылғы маусым ерекше болды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров биылғы егіс науқаны туралы айтып берді.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн гектарды құрады (2019 жылмен салыстырғанда 439,2 мың га артық). Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар алаңы 15,8 млн гектар. Майлы дақылдар – 2,9 млн гектар, көкөніс-бақша және картоп – 457,4 мың гектар, мақта – 125,8 мың гектар, қант қызылшасы – 20,9 мың гектар, азықтық дақылдар - 3,3 млн гектар орналасқан. Биылғы маусым ерекше болды. Егіс науқаны қатаң карантин режимінде өтті. Сонымен қатар, жаз маусымы былтырғы жыл секілді құрғақ болғаны белгілі. Төтенше жағдай режиміне қарамастан, егіс науқаны сапалы жүргізілді. Сапалы егіс материалдарымен, арзандатылған тыңайтқыштармен, өсімдіктерді қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық жарақтандыруды арттыру бойынша уақытылы қабылданған шаралар қатаң климаттық жағдайдың әсерін жұмсартуға мүмкіндік берді, - дейді Айдарбек Сапаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.

Оның айтуынша, күтілетін өнім - бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға және олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін арттыруға бағытталған барлық агротехнологиялық іс-шараның нәтижелері.

Биылғы жылы егін жинау жұмыстары уақытылы басталып, қазіргі кезде республиканың барлық өңірінде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Егін жинау науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары. Дәнді дақылдарды жинау Жамбыл облысында аяқталды (22,7 ц/га орташа өнімділікте 817 мың тонна астық бастырылды), Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында - аяқталу сатысында (97 және 96%). Жедел деректерге сәйкес бүгінгі күні республика бойынша барлығы 10,5 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 66% жиналды. Былтырғы жылдың сәйкес күнінде 5,3 млн гектар немесе 35% жиналған болатын. Орташа өнімділік 11,7 ц/га құрап, 12,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы - 5,8 млн тонна), - дейді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы