Бас жаңалықтар
Биылғы талапкерлерге жеңілдіктер жасалды – БҒМ
18 Маусым 2019, 11:40 346

Биылғы талапкерлерге жеңілдіктер жасалды – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  алда өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің  дайындық жұмыстарын баяндай келе биылғы талапкерлер үшін қандай жеңілдіктер жасалғанын жеткізді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 жылға жуық уақыт бойы өткізіліп келеді. Осыған дейін тестілеуге 1 млн 800 мыңға жуық адам қатысты. Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы биылғы жылы өзгерген жоқ. Яғни тапсыратын пәндер, сұрақтар, ұпай саны, уақыты бұрынғы форматта қалды. ҰБТ-ға тапсыру үшін 117 242 адам өтініш берді. Оның ішінде 96 мыңнан астамы осы жылғы мектеп түлектері немесе барлық мектеп бітірушілердің 72%. 20 мыңнан астамы биылғы және өткен жылдары колледж бен шетелдік білім беру ұйымдарының бітірушілері», - деді министр. 

Сондай-ақ, ол биыл тестілеу маусымның 20-30 аралығында өтеінін және барлығы 169 тапсыру пункті бекітілгенін жеткізді. 

«Тестілеуді өткізу және бақылау жасау үшін өңірлерге министрліктің арнайы өкілдері жіберілді. Қазіргі уақытта тестілеу материалдары құпия режимде өңірлерге толығымен жеткізілді. ҰБТ-ны ұйымдастыру үшін мемлекеттік комиссиялар құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері еніп, осы жұмыстың бастауға дайын. Республикалық деңгейде және жергілікті әрбір ҰБТ өткізу пунктінде апеляциялық комиссияларды құрдық, олар өз жұмысын бастауға дайын. Барлық аудиториялар 100% ұялы телефон сигналдарын өшіретін құралдармен және бақылау бейнекамераларымен жабдықталды», - деді А. Аймағамбетов. 

Министр сөз арасында осы жылы талапкерлерге бірқатар жеңілдіктер енгізілгенін айтып, олардың әрбіріне тоқталып өтті.

«Біріншіден, биылдан бастап ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ жылына төрт рет өткізіліп отыр. Бұл оқушыларға психологиялық қысымды азайтуға және маусым айында өтетін ҰБТ-ға жақсы дайындықпен дайындалуға үлкен үлкен мүмкіндік береді. Екіншіден, колледж түлектеріне де жеңілдіктер жасалып отыр. Олар бітірген мамандығы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға түсемін десе ҰБТ-дан босатылып, тек емтихан тапсырады. Үшіншіден, ILES халықаралық сертификаты бар түлектер шет тілі пәні бойынша тестілеуден бостатылады. Оларға осы пән бойынша жоғарғы балл автоматты түрде беріледі. Қазіргі таңда ҰБТ-ға тапсырушылардың арасында ILES сертификаты бар балалар саны 708». Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінетін грант саны, сондай-ақ өткен жылы грант байқауының нәтижелері, яғни өту баллы көрсетіледі. Біздің ойымызша бұл мәліметтер талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс анықтауға және жинаған баллына сәйкес таңдауға мүмкіндік беріледі», - деді министр.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық