Биыл қолжетімді баспана санын 10 мың пәтерге арттырамыз – Көлгінов

10 Ақпан 2021, 10:19
33254
Бөлісу:
Биыл қолжетімді баспана санын 10 мың пәтерге арттырамыз – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты. 

Вакцинация адамдардың өз еркімен жүзеге асырылып жатыр. ДДСҰ мен біздің медицина қызметкерлерінің пікірінше, вакцинация вирусты тоқтататын жалғыз құрал. Ортақ ұжымдық иммунитет арқылы локдаун мен карантинсіз қалыпты өмірге көше аламыз. 1 ақпаннан бастап елімізде жаппай вакцинация басталды. Ең алдымен алғашқы шептегі медицина қызметкері вакцинацияланып жатыр. Екінші кезекте мұғалімдер болса, үшінші кезеңде құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметкерлері егіледі, - деді ол. 

Көлгінов атағандай, ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй болып отыр. 

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілді. 2020 жылы 7 мың қолжетімді баспана тапсырылды. Біз қолжетімді баспана санын екі есеге арттырдық. Биыл оның санын 10 мың пәтерге жеткізуді көздеп отырмыз. Жаңашылдықтарды атап өтсек, біз алғашқы жарна бойынша сертификат көлемін арттырдық. Биыл оны 1,5 млн теңгеге арттырдық. Бұл айтарлықтай көмек болып отыр. Егер осыған дейін 3 санат енсе, қазір барлық 9 санат оған қосылады, - деді Көлгінов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Көлгінов пандемия кезінде елордадағы ШОБ субъектісі 11 мыңға көбейгенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы