Биыл қанша алматылық ата-ана құқығынан айырылғаны айтылды
03 Қараша 2021, 17:25 129

Биыл қанша алматылық ата-ана құқығынан айырылғаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы ПД-ті биыл 29 алматылықтың ата-ана құқығынан айырылғанын мәлімдеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі – қала және аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау.

Жыл басынан бері комиссиялардың отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесіне қатысты түрлі фактілер бойынша 297 материал қаралды. Нәтижесінде, 29 алматылыққа ата-ана құқығынан айыру түріндегі шектен тыс шара қолданылды, 2 255 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 жасөспірім девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына, бір кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымына жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...