Биыл Алматыдағы 383 гектар жер қала қарамағына өтті

21 Қазан 2020, 16:50
1741
Бөлісу:
Биыл Алматыдағы 383 гектар жер қала қарамағына өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, биыл проблемалық кредит бойынша банкке тиесілі болған 383 гектар жер қалаға берілген.

Бұл жердің барлығы үкіметтің қолдауымен коммуналдық меншікке берілді, ол жерлерге әлеуметтік жоба нысандары мен түрлі саябақтар салу басталып кетті, - деді Самамбетов.

Сондай-ақ ол жер учаскелерін заңдастыру мәселелері мен басқарма атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жыл басынан бері Алматыда жер комиссиясының 27 жиыны өтті, онда заңды және жеке тұлғалардың 3680 өтініші қаралды. Нәтижесінде өтініштердің 73 пайызы оң шешімін тапты. Оған қоса Алматы әкімдігінің 515 жарлығы шықты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 2 мыңнан асқан еді. Сонымен қатар мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу жүргізілуде. Биыл біз 54 жер учаскесін сатып алдық, олар Дархан ықшамауданына мектеп салу үшін, БРТ жобасына, айналма көпір салу сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобаларға алынды. Жер учаскелерін сатып алу бюджеті биыл 1,8 есеге артты, - деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол автобус жүруге арналған БРТ жобасын толық аяқтауға аз қалғанын жеткізді.

БРТ бойынша жер учаскелерін сатып алдық. Тек бір учаскенің құжаттары дұрыс болмау себепті бұл процес ұзаққа созылып кетті. Жақында бұл мәселе бойынша жұмыстар аяқталды. 2021 жылы БРТ салу аяқталады, - деді ол
Өзгелердің жаңалығы