Бас жаңалықтар
Биыл Афина марафоны екі бөлек өтеді
12 Шілде 2020, 20:49 112

Биыл Афина марафоны екі бөлек өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Афина марафоны мен жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, биыл жоспарланған уақыттан кеш ұйымдастырылатын болды.

Olympic.kz-тің мәліметіне қарағанда, марафон 8 қарашада өтеді. Ал жартылай марафон 20 қарашаға жоспарланған. 

Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, үкіметі 5000 қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан, биылғы марафон екі кезеңнен өтеді. 

Бірінші кезеңде 5000, екінші кезеңіне 5000 қатысушыдан жіберіледі. 

Биылғы марафонға әлемнің атақты үздік желаяқтары шақырылмайды. Сондай-ақ, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты шаралары мен гала кештер ұйымдастырылмайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...