Биыл 7 мыңнан астам өрт болған – Мәдиев

22 Қыркүйек 2021, 14:46
1694
Бөлісу:
Биыл 7 мыңнан астам өрт болған – Мәдиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Орташа есеппен біздің бөлімшелеріміз күн сайын әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 100-150 рет шығады. Биылғы 8 айда елімізде 7 мыңнан астам өрт оқиғасы тіркелді. Онда мыңнан астам адам құтқарылса, 251 адам қаза тапты. Елімізде өрт санының 7,8% - ға азайғаны байқалады, - деді Мәдиев.

Ол атап өткендей, бұл көрсеткішке қарамастан орман өрттерінің саны артқан.

Табиғи өрттердің алдын алу үшін оларды алдын алу және жою жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Өрт қауіпсіздікті кезеңге әзірлікті тергеу барысында біздің бөлімшелер профилактикалық шараларды жүргізеді. Өткен кезеңде шамамен 14 мың профилактикалық жұмыс жүргізілді. Оның ішінде рұқсатсыз жану және ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылаусыз құрғақ шөптің жануы үшін әкімшілік жауапкершілікке 3 мыңнан астам тұлға тартылды, - деді Тілеуберді Мәдиев.


Өзгелердің жаңалығы