Биыл 3200 адам қажылыққа барады

18 Шілде 2019, 13:16
3107
Бөлісу:
Биыл 3200 адам қажылыққа барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов биылғы қажылық сапарына Қазақстан азаматтарына 3200 квота берілгенін айтты.

"Қажылық мұсылманның бес парызы. Биылғы қажылық маусымы 31 шілдеден басталады. 30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы корольдігі тарапынан бізге 3200 азаматқа квота берілді. Осыған сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан азаматтарына түрлі семинарлар өткізіп жатыр", - деп айтты комитет төрағасы.

Оның сөзінше, азаматтарды Сауд арабиясының Fly Nus, ал Қазақстанның Scat әуе компаниясы қажылыққа апарады.

"Сонымен қатар арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оған біздің комитеттің өкілі, Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енгізілді. Өйткені қажылыққа барған сапар кезінде ұйымдастырушылық және қажылардың денсаулығына байланысты мәселе туындаса, осы кісілер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге осы мәселені шешеді", - деді ол.

Нөкежанов жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

"1990 жылы 2019 жылдар арасында азаматтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота бөлінсе, бүгінде 3200 квота бөлініп отыр", - деп сөзін түйіндеді комитет төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы