11 айда есірткіге қатысты 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген

15 Қараша 2021, 12:09
921
Бөлісу:
11 айда есірткіге қатысты 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 2 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыс жасалған.

Оның ішінде 1300 дерек есірткі өткізу мен 360-ы аса ірі көлемде есірткі сақтау қылмысы болып табылады.

Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі алынды. Атап айтатын болсақ, 5 келіден астам героин, 9,5 тонна марихуана, 380 келі гашиш, сондай-ақ 110 келі синтетикалық есірткі анықталды, - деп атап өтті ІІМ ресми өкілі.

Сонымен қатар 8 ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобы мен 14 астыртын есірткі зертханасының жұмысына тосқауыл қойылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы