Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

12 Қараша 2021, 23:03
1872
Бөлісу:
Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың тергеу соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты.

Сот бұлтартпау шарасының күшін жоюға негіз таппады. Сот үйқамақта болу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарды. Біртанов Елжан Амантайұлының үйқамақта болу мерзімі 14 қаңтарға дейін екі айға ұзартылсын, - деді судья Ақмарал Исаева.

Еске салсақ, ол Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін Ақпараттандыру платформасын қабылдап, пайдалануға беру арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады.

Біртанов бір жылдан бері үйқамақта отыр. 28 қыркүйекте экс-министрдің адвокаттары Тоқаевтан қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған болатын.


Өзгелердің жаңалығы