Біртанов қызметінен неге кеткенін түсіндірді

25 Маусым 2020, 18:47
7172
Бөлісу:
Біртанов қызметінен неге кеткенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қымбатты әріптестер мен достар, бүгін мен Мемлекет басшысына Денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш жасадым. Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаннан кейін пневмонияның асқынуына байланысты қосымша ем қабылдау қажет болды - деді ол.

Экс-министр сонымен қатар, қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі - министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да саланы толыққанды басқару қажет деп санайтынын айтты.

Біздің елдің денсаулық сақтау жүйесі өсіп келе жатқан жүктемені еңсеретініне сенімдімін. Оған тек уақыт пен әрқайсымыздан қайтарым қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық және табандылық тілеймін! Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесімді қосуыма зор сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін, - делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі ауысқан болатын. Біртановтың орнына Алексей Цой министр болып тағайындалды.
Өзгелердің жаңалығы