Бас жаңалықтар
Бір жылда қазақстандық бағбандар 24 миллионға жуық гүл өсірді
06 Наурыз 2019, 11:04 193

Бір жылда қазақстандық бағбандар 24 миллионға жуық гүл өсірді

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің басты гүлзарлары Павлодар және Ақмола облысында тұрады екен. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады.

Наурыз мерекелерінде Қазақстанда өсірілген Red Naomi және Avalanche танымал раушан гүлдерінің сорттарын сатып алуға болады.

2018 жылы қазақстандық гүл өсірушілер 2017 жылға қарағанда 2,2%-ға аз гүл жинаған. Дегенмен, негізгі " гүл " өсіруші үш аймақтың үшеуінің көрсеткіштері жоғары болған.

Негізгі "гүл өсіруші" облыстар Павлодар (жылына 7,6 млн, +22,4%), Ақмола (жылына 7,1 млн, +16%) және Алматы (жылына 4 млн, -31%) болып табылады. Павлодар облысында, мысалы, Green House KZ жылыжай кешені, Ақмола облысында - "құнарлы" жылыжай кешені жұмыс істейді.

Green House KZ- 2015 жылы салынған. Ол Red Naomi сортты голланд раушан өсіретін заманауи жылыжай кешені. Компания жетекші орынға ие болып, Қазақстандағы Қызыл раушан өсіретін ірі өнім берушіге айналды. Күніне орта есеппен  25-30 мың раушан гүлін сатылымға шығарады, кейде бұл көрсеткіш 35 мыңға дейін жетеді. Жалпы жылына 10 миллион раушан гүлі өсіріледі.

Гүлдер Қазақстан мен Ресей Федерациясының өңірлеріне жеткізіледі. 

Гүл өсірумен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары да айналысады (олардың үлесі 2018 жылы 68% - ға дейін өсті).

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің, шаруа және фермер қожалықтарының үлесі, керісінше, бір жыл ішінде 5,3% - дан 1,6% - ға дейін қысқарды. Бұл кәсіпорындардағы өндірістің қысқаруы 2018 жылы гүлдердің жалпы жиналуының төмендеуіне әсер етті.

 

Сізден жаңалық