Түрмеден шыққанына бір ай болмай, қайта ұрлық жасаған

11 Шілде 2019, 17:23
1337
Бөлісу:
Түрмеден шыққанына бір ай болмай, қайта ұрлық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері 26 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын қайта қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында оның 4 ұрлық жасауға қатысы бары анықталды.

«Күдікті темір тордың арғы жағынан бір ай бұрын ғана босаған. Бостандыққа шыға салысымен, жеңіл жолмен табыс табуға көшеді. Ұрлық жасаудан әккі болған ол, түнгі уақытта жеке үйлердің аумағына кіріп, кез келген үйдің ауласында кездесетін бұрғылау, дәнекерлеу сияқты құрылыс жабдықтарын ұрлаған» - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Күндізгі уақытта да ол уақытын босқа өткізбей, кодты құлпы жоқ үйлердің кіреберісіндегі велосипедтерді ұрлаған. Қолды қылған нәрселерін базарлар мен сауда орталықтарына барып арзан бағаға сатып отырған.

Қолға түскен күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында орын алған осы тәріздес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккендер болса, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 19 үй, көрсетілген телефондарға: 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28  немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызға болады.
Өзгелердің жаңалығы