Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

16 Желтоқсан 2019, 13:25
4141
Бөлісу:
Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері белгілі опера әншісі актриса, педагог Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бүгін Бибігүл Төлгенованың туған күні. Ол 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді. 

Әскери қызметшілерді үйінде қабылдаған әнші жас кезінен-ақ әскери адамдарға деген көзқарасының жылы екенін айтты.
Сіздердің мамандықтарыңыз оңай емес, оны жас кезімнен-ақ білемін, тіпті өз басымнан өткергем деп айтсам да артық емес. Германияда танктің үстіне шыққан едім, фотосуреттері де бар. Өмірімнің қуанышты да, сәтті кезеңдері армиямен байланысты. Құттықтауларыңызға көп рахмет! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Қызметтеріңіздің ауыр да, қауырт екенін біле тұра уақыттарыңызды алмайын, - деді өз қуанышын жасыра алмаған әнші.
.c60b8bfb-551b-455f-953f-ae93f497b216.jpg

Айта кетерлігі, Бибігүл Төлегенова бүгінде көзі тірі қазақстандықтардың  ішінде КССР Халық әртісі, "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған жалғыз әйел.
Өзгелердің жаңалығы