Бас жаңалықтар
Бейсенбі күні қар жауып, күшті жел соғады
13 Ақпан 2020, 08:18 141

Бейсенбі күні қар жауып, күшті жел соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13 ақпан күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашын болады. Орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, күшті жел соғады. Оңтүстік-батыста жел екпіні 30 м/с асады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20, түнде 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел қарқыны 30 м/с асады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші - 15-20, кей жерлерде - 25 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Жел екпіні - 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел қарқыны күндіз 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші - 15-20 м/с.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 18-23 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының түнде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында жел екпіні - 18 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...