Бас жаңалықтар
Бетперде тақпаған ақтөбелік жігітті банк қызметкерлері соққыға жықты
20 Қараша 2020, 04:02 135

Бетперде тақпаған ақтөбелік жігітті банк қызметкерлері соққыға жықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі банк бөлімшелерінің бірінде күзетші мен жүргізуші медициналық маска тағудан бас тартқан ер адамды ұрған. Күзетші жауапқа тартылып, оған айыппұл салынған деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылымның жазуынша, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан банк бөлімшесіне клиент маскасыз келген. Владимирдің айтуынша, ол кез келген жерде маскасыз жүреді. Тіпті ол бұл талапты заңсыз деп есептеп, өзін ешкім мәжбүрлей алмайтынын айтады.

Мен масканы пайдасыз деп есептеймін және оны тағуға мәжбүрлеу әрекеттері - менің денсаулығыма, құқығыма әрі бостандығыма қолсұғушылық, - дейді ер адам.

Клиенттің сөзінше, банкке келген оған менеджер маска тағуын өтінген. Ал Владимир болса қол қойылған заңды құжатты талап еткен. Банк қызметкері бас санитар дәрігердің қаулысына сүйенген. Алайда ер адам жарлықтың заңды күші жоқ екенін айтқан.

Осы кезде маған үш адам келіп, бұйрық бере "Маска тағыңыз" деді. Мен адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бәрін камераға түсіре бастадым. Ол маған "Сіз не, сондай батылсыз ба?" деді.

Мен өз құқығымды білемін деп жауап бердім. Менің қолымды қайырып, көшеге алып шықты. Қолымды тартып алуға тырыстым. Осы кезде басқа біреу арқамнан таяқпен ұрды. Олар мені бұрышқа сүйреп апарды. Қоршауға тіреп, мен күртемді жыртып алдым да, таяқпен екінші рет соққы алдым, - дейді Владимир.

Ер адам болған жағдайдың бәрін камераға жазып алыпты. Жәбірленуші арыз жазып, сот-медициналық сараптамадан өткен.

Жақында ғана "Бұзақылық" бабымен осы іс бойынша сот болған. 

Мені ұрған күзетшіге 27 000 теңге айыппұл салды, басқаларына ешнәрсе істеген жоқ. Мен прокуратураға жаздым, апелляцияға беретін боламыз, - дейді Владимир. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...