Бес жылда орманға 160 млн, қалаға 16 мың түп ағаш отырғызылады

18 Ақпан 2021, 14:50
1382
Бөлісу:
Бес жылда орманға 160 млн, қалаға 16 мың түп ағаш отырғызылады

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қостанай қаласында 3200 түп көшет отырғызылады. Бұған жергілікті бюджеттен шамамен 3 млн теңге қаралған. 

Қостанай елді мекендерін көгалдандыру арнайы әзірленген өңірлік жоспар шеңберінде жүргізіледі. Бұл жоспар 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осыған сәйкес, жыл сайын облыс орталығының аумағында 3 200 түп көшет отырғызу көзделіп отыр.

Айта кету керек, біз көгалдандыру, ағаш отырғызу бойынша арнайы паспорттау науқанын жүргізбейміз, яғни мына түп ана жерге егілу керек деп белгіленбейді. Ол жұмыс тек көгалдандыру мекемесіне тиесілі. Жоспар бойынша көшеттерді отырғызу биыл басталады, - дейді Қостанай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Василий Помаз.

Орман шаруашылығы басқармасының мәліметінше, алдағы бес жылда, яғни 2021 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 160 миллион 686 мың 200 түп көшет егілмек. 

Атап айтқанда, орман алқаптарына қарағай, қайың сияқты ағаштар отырғызылатын болады.

2021 жылы 3 миллион 981,36 мың қарағай мен қайың көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы