Белоруссия елдегі жағдайға көрші мемлекеттерді айыптап отыр

27 Қыркүйек 2020, 13:31
1841
Бөлісу:
Белоруссия елдегі жағдайға көрші мемлекеттерді айыптап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белоруссияның Сыртқы істер министрі Владимир Макей бірқатар көршілес мемлекетті Белоруссияда хаос орнатқысы келді және дамуына тежеу келтірмек ниеті бар деп айыптады. Бұл туралы lenta.ru жазды.

Макей мұндай мәлімдемені БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясы кезінде мәлім еткен. 

Макейдің айтуынша, елде түрлі-түсті революция жүзеге аспай қалған соң, сыртқы күштер мемлекеттік жүйені істен шығаруды көздеп отыр.

Батыстағы кей көршілеріміздің Белоруссияның егенмендігіне алаңдаушылық білдіріп, қамқорлық танытуының астарында елдегі жағдайды пайдаланып, артын хаосқа ұластырып, мемлекеттік жүйені істен шығаруды, сол арқылы дамуына кедергі келтіру туралы жымысқы ой бар, - деді ол.
Макей батыс елдерінің мемлекеттің істеріне араласуы мен санкциялар енгізуі кері сипат алатынын ескертіп, бұл ешкім үшін тиімді болмайтынын атап өтті.

Белоруссияда осымен екінші ай жаппай қарсылық акциялары жалғасуда. Оның қатысушылары ел Президенті Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп, жаңа сайлау өткізуін талап етуде. Сондай-ақ демонстранттарды күштеп таратқан тәртіп сақшыларын жауапқа тартуды ұран етуде.

Лукошенконың пікірінше, қарсыластар түрлі-түсті революцияның әдісін пайдаланып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы