Белгілі футболшы хоккейге ауысып кетті

10 Қазан 2019, 15:13
2634
Бөлісу:
Белгілі футболшы хоккейге ауысып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның "Челси" және "Арсенал" футбол клубтарының экс-қақпашысы Петр Чех Ұлыбритания чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын "Гилдфорд Финикс" хоккей клубымен келісімшартқа отырды.

Vesti.kz мәліметтеріне сәйкес, қақпашы мұз айдынға 13 қазанда алғаш рет шығады. "Гилфорд Финикс" оның өздерімен келісімшартқа отырмастан бұрын мұз айдында тыңғылықты дайындалғанын айтады. Чех маусымның қалған бөлігін "Гилфорд" құрамында өткізеді.

"Фениксте өнер көрсететініме қуаныштымын. Мен жас командаға осы маусымда көздеген өз мақсаттарына жетуге көмектесе аламын деп сенемін. 20 жыл кәсіби футболда болған, кішкентай кезімнен тамашалап, сүйіп көрген бұл ойын түрі мен үшін тың дүние, жаңа керемет тәжірибе болады", - деп Чехтың сөзін келтірді клубтың ресми сайты.

Айта кетейік, Чех өзінің футболдағы мансабының көп бөлігін "Челсиде" өткізген болатын. Ол мұнда 2004 жылдан бастап 2015 жылға дейін ойнады және 15 кубокқа ие болды, оның ішінде Премьер-лиганың төрт жеңісі және Чемпиондар Лигасының бір жеңісі бар. 

Ал 2019 жылдың көктемінде ол өз мансабымен қоштасатынын жариялаған еді.

Өзгелердің жаңалығы