Бекзат Саттархановтың әкесі қайтыс болды

25 Ақпан 2020, 15:31
4714
Бөлісу:
Бекзат Саттархановтың әкесі қайтыс болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды.

Бұл қайғылы хабар әлеуметтік желіге тараған болатын. Кейіннен Түркістан облысының спорт басқармасы да ресми түрде растады. 

Марқұмның жаназасы 26 ақпан күні сағат 15:00-де Түркістанда шығарылады, - дейді басқарма өкілдері. 
WhatsApp Image 2020-02-25 at 15.32.48 (1).jpeg

Айта кетейік, Сейілхан Саттархановтың баласы Бекзат Саттарханов – бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында 57 келіде топ жарды. Өкінішке қарай, 2000 жылы желтоқсанның 31 күні, небәрі 20 жасында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.

6700712.jpg

Менің Бекзатым XX ғасырда туып, 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, XX ғасырдың аяқталуына 20 минут қалғанда өмірден озды. Қандай өкінішті еді. 2000 жылы қазанның 1-і күні Олимпиада чемпионы атанды. Осы жылы желтоқсанның 31 күні мәңгілікке қоштасты. Өзі туған ел-жұртының алдында бар-жоғы 90 күн ғана Олимпиада чемпионы ретінде емін-еркін еркелей алды. Ары қарай Алла ғұмыр бермеді. Ол менің ғана ұлым емес, қазақ елінің, барша Алаштың баласы еді, - деп еді кезінде Сейілхан Саттарханов.
WhatsApp Image 2020-02-25 at 15.32.48.jpeg

Сейілхан Саттархановтың Бекзаттан өзге Бағдат, Болат, Мақсат есімді тағы үш ұлы бар.  Былтыр "Хабар" агенттігінің тапсырысымен режиссер Мұрат Бидосов "Бекзат" атты көркем фильмді түсірді.

Өзгелердің жаңалығы