Бекшин: Дезинфекция адамдарға қауіпсіз ерітіндімен жасалады

31 Шілде 2020, 16:29
1613
Бөлісу:
Бекшин: Дезинфекция адамдарға қауіпсіз ерітіндімен жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте жүргізіліп жатқан ауқымды дезинфекцияға қатысты түсініктеме беріп, оны коронавирус инфекциясының алдын алуда маңызды құралдардың бірі деп атады. 

Жандарбек Бекшин бүкіл әлемде ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алуда дезинфекция жасау тиімді әдістердің бірі болып табылатынын атап өтті. Коронавирус та қауіпті инфекцияға жатады. 

 Коронавирус ауада көп тұрмайтын ірі вирус болып табылады. Ол беткі қабаттарға қонады: тұтқа, баспалдақты марштарда, есік тұтқаларында, аула аумақтарында, сол себепті дезинфекция жүргізу қажет, - деді ол. 

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин коронавируспен күресте сертификатталған, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, ЕЭО елдерінде тіркелген дезинфекциялық құралдар пайдаланылатынын айтты. Негізінен белгілі мөлшердегі Глюкозамин және Акма Хлор қолданылады, олар адам үшін қауіпсіз: Глюкозамин 0,003 % мөлшерлік дозасында, Акма Хлор 0,05 мөлшерінде пайдаланылады, бұл – қауіпсіз ерітінді. 

Қала аумағын дезинфекциялауда пайдаланылатын  дезинфекциялық құралдардың мөлшеріне тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Биылғы мердігер ұйымдардың жұмысы кезінде лабораториялық тексеру үшін 285 сынаманы іріктеп алдық. Осы ұйымдардың жұмысына үнемі зертханалық бақылау жүргізіледі, - деп атап өтті қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.  

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин әлеуметтік желілерде дезинфекциялық жұмыстардан пневмония туындайды-мыс деп таралып жүрген ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп өтті. Шаһардың бас санитар дәрігері дезинфекция пневмония тудырады деген пікірді жоққа шығарды. 

Бекшиннің айтуына қарағанда, пневмония кезінде асқынулардың пайда болуы азаматтардың өзін-өзі емдеумен айналысуларынан. Көбі өз беттерінше антибиотиктер қабылдайды. Кез келген дертті осы салада қажетті білімі бар дәрігер, білікті маман емдеуі керек. Білімсіздік пен өзін-өзі емдеу асқынуларға әкеліп, соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін. 

ТҚСҚБД ақпаратына сәйкес, этиологиясы анықталмаған пневмония бұл коронавирусты таратушыларда оның белгілері жоқ дегенді білдіреді. Кейбір жағдайда коронавирус жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатында болып, ауру белгілері байқалмайды. Алайда, тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріне түссе, өкпенің қабынуына, пневмонияға әкеліп соғады. 

Инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарынан өкпеге өтеді. Жоғарғы тыныс алу органдары тазарады және науқас, ауру белгілері жоқ таратушы медициналық ұйымға түскен кезде ПТР диагностика нәтиже көрсетпейді. Өкпенің төменгі бөлігінен қақырық алу керек, себебі инфекция солай қарай өтіп кетеді, - деп түсіндірді Бекшин. 

Инфекция өкпеге түскен кезде оны ПТР арқылы анықтау тиімсіз болады. Инфекцияны анықтау үшін диагностикалаудың күрделі түрлері қажет. Осылайша, ауырғаны жайлы білмейді де, оны емдемей, асқындырып алады. 

Бүгінгі таңда қаланың стационарларында осындай 700-ге жуық науқас бар, олар кезінде ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар болған, болмаса өздерін емдеумен айналысқан. Бұл этиологиясы анықталмаған пневмонияның пайда болу себебі, - деп толықтырды Жандарбек Бекшин. 

Осы мәселені түсіндіре отырып, Жандарбек Бекшин коронавирусты жұқтырған адамдарда ПТР тест нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен жағдайларды мысалға келтірді. Медициналық тәжірибеде мұндай науқастар мәліметтерді anamnesis morbi науқастың шағымдануы және anamnesis vitae өмір сүру жағдайы, қызметі, отбасы және тағы басқалары арқылы анықталады. Егер anamnesis vitae кезінде науқастың отбасы мүшелерінің бірі ауырған болса және онда коронавирустың ПТР тест нәтижесі оң шықса, онда науқаста аурудың белгілері болмауына байланысты оған дер кезінде шара қолданбаған таратушысы болып саналады. Соның салдары этиологиясы анықталмаған пневмонияға әкеп соғады. 

 Кейде бір отбасыда күйеуінде ПТР нәтижесі оң шығып, ал әйелінде теріс нәтиже көрсетеді. Алайда, әйелінде этиологиясы анықталмаған. Алайда, екеуі де бір бірімен байланыс жасайды, - деп түсіндіріп өтті Бекшин. 

Ол сол себепті де қаладағы тек қоғамдық орындарда ғана емес, үйде де дезинфекция жасауды ұсынады. Егер отбасында бір адам ауырып қалып, ауру белгілері болмаса, ол бәрібір сыртқы ортаға вирус таратады, өзінің жақындарының ауру жұқтыруына себепкер болады.

Өзгелердің жаңалығы